Адибаев Б.М. – 70 жаста

 Адибаев Б.М. – 70 жаста

Осы жылы 25 мамырда Медициналық биофизика және биостатистика модулінің профессоры Адибаев Берік Мұқатұлы 70 жасқа толады. Сонымен қатар ұстаздық қызмет жасағанына да 40 жыл толып отыр. Берік Мұқатұлы осы уақыт аралығында Емдеу және Стоматология факультеттерінің деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі (1984-2008 жж.) қызметтерін атқарған.

Мерей тойына орай модуль ұжымы «Қазіргі кезеңдегі биофизика жетістіктерінің медицина саласындағы алатын орны» тақырыбында олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 15 студент қатысты. Екі турдан тұратын жарыста:

1-орынды Утепберген А. – ЖМ14-048/1;

2-орынды Бердібек А. – ЖМ14-022/2;

3-орынды Байменов А. – СТ14-004/2 жүлделі

орындарға ие болды. Олимпиададан кейін концерттік бағдарлама көрсетілді. Құрметті ұстазға модуль ұжымы шапан жауып, құттықтау сөздер айтса, студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Асулардан асуға өрлегенде,
Кез болды қиналған да,
терлеген де.
Мерекелі мерейтой құтты болсын.
Үлгі болды әрқашан көпке ісіңіз,
Болашақта баянды бақ құшыңыз.
Шын ниетпен тілейміз – құтты болсын,
Желбегей шекпен киген жетпісіңіз!

Берік Мұқатұлына денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір тілейміз!