АНАШЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Анашым – асыл қазынам
Көрмесем сені сағынам.
Өсірдің сәби кезімнен
Мәңгілік саған табынам.

Анашым – менің бақытым
Үйреттің өмір бағытын
Қадірін біліп ананың
Ашылды бүгін шабытым.

АНАШЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Ана – әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым. Дүниенің есігін ашқаннан бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық мейірімін, махаббатын бере білген, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген Анамызға қаншама рет рахмет айтсақ та артық болмас.

Биофизика курсының  аға оқытушылары З.К.Умирбекова, Г.К.Нуртаева және доцент Г.Е.Байдуллаева «Стоматология» мамандығы студенттерімен факультет көлемінде «Анашым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өткізді.

Студенттер ана туралы ән-жырлар орындап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында алдын-ала дайындалған сұрақтарға көрермендер жауап беріп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді.