Ана деп көркем жыр төккен, армысың, ару-нұр көктем!

2017 жылы 7-сәуірде №7 оқу корпусының 7-аудиториясында сағ. 1300 «биофизика курсымен информатика» кафедрасының аға оқытушылары Омарбаева А.Н, Бекенаева Қ.С, оқытушы Жакипова Ш.А., және СТ16-01, СТ16-05 және ЖМ16-19, ЖМ16-26 топ студенттерінің ұйымдастырыуымен «Ана деп көркем жыр төккен, армысың, ару-нұр көктем!» атты іс-шарасы өткізілді.

Іс шараның мақсаты – Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Cтуденттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі туралы да қысқаша түрде айтылып кетті.

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам,үшіншіден,ай аты.

Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Іс-шара соңында ұйымдастырушы және қатысушы студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.