Ашық есік күні

02.04.2014 күні «Медициналық биофизика және биостатистика»  модулінің Ашық есік күні болды. Онда «Қан айналым жүйесінің биофизикалық заңдылықтары» тақырыбында пәндік олимпиада өткізілді.  Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат студентті айқындау.

Олимпиада 4 кезең бойынша:

1. «Қан айналым жүйесінің биофизикалық заңдылықтары» тақырыбына үй тапсырмасы дайындау;

2. Ситуациялық тапсырмаларды орындау;

3. Тест тапсыру;

4. Терминологияны 3 тілде білу (тақырып бойынша қазақша- орысша- ағылшынша сөздерді аудару) өтті.

Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез-келген адамның қолынан келе бермесі һақ. Бұл додаға терең білімді, дүниетанымы жан-жақты дамыған, қазақ тілінің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар, яғни «Жалпы медицина», «Фармацевтикалық», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінен 11 студент қатысты.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші,  олимпиада жеңімпаздары грамоталармен және сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар олимпиада барысында студенттер көрермендерге өз  өнерлерін ұсынды.