Балалар стоматология модулі

Оқу-білім беру үрдісін оптимизациялау  және кредит технологиясын еңгізу мақсатында, стоматология кафедраларында модульдер ұйымдастырылған (ҚазҰМУ ректорының бұйрығы бойынша №1323  12.07.2011г.). 4 стоматология кафедралары 9 модульге бөлінді. Балалар жасындағы стоматология кафедрасы, стоматологиялық ауруларды алдын-алу кафедрасы және ортодонтия кафедрасы 3 модульге бөлінді : балалар жасындағы стоматологиясының пропедевтикасы модулі, балалар жасындағы стоматология модулі және ортодонтия модулі. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, балалар жасындағы стоматология модулінде 9 педагогикалық ставкалары бар : меңгеруші, проф.Ермұханова Г.Т., проф.Есім Ә.Ж., проф.Шалабаева К.З., доц.Зыкеева С.К., асс.Камиева З.Р., асс.Онайбекова Н.М., асс.Коробкина Т.В., асс.Фазылов Д.А., асс.Утепов Д.К.