«Балалар үйіне – қамқорлық жасау» атты дөңгелек үстел өткізілді

25 сәуір 2017 жылы, сағат 11.00-де «Әуезов ауданының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» КММ әкімшілігінде «Балалар үйіне – қамқорлық жасау» атты тақырыпта ӨСҚ негіздері курсы дене тәрбиесі кафедрасымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: 1. Студенттерге Қазақстандағы жетім балаларға көмек көрсету керектігін түсіндіру. 2. Жетім балалардың жан-дүниесін қуандыруға үлес қосу және мейірімділік көрсету. 3. Студенттердің өмірге деген көзқарасын өзгерту және қамқорлық жасауды насихаттау.
Дөңгелек үстелге мүмкіндігі шектеулі балалар және жалпы медицина факультетінің 15-041 тобы қатысты.
Қатысқан студенттер саны – 20. Мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 70.
Дөңгелек үстел барысында аға оқытушы Кален Фарида мен аға оқытушы Радоснова Ольга Ивановна мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасау және мейірімділік таныту жайында оз ойларын ортаға салды. Студенттер мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтарын тапсырды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.