Біз жемқорлыққа қарсымыз

2016 жылдың 10  қарашасында ортопедиялық стоматология кафедрасында, «ҚазҰМУ-дың жемқорлыққа қарсы саясат» бағдарламасы аясында қызметкерлер мен студенттер арасында конференция жүргізілді. Конференцияға кафедра ассисстентері, 2  және  4 курс студенттері, тәрбие ісі жөніндегі зам.деканы А.Д. Жексембиева , Этикалық Кеңестің Төрағасы, ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ. Мұстафина қатысты.

Этикалық Кеңестің Төрағасы, ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ. Мустафина ,кіріспе сөзімен іс шараны ашып, пікірталас өткізді. «Жемқорлық  — қоғамының дерті» тақырыбы бойынша стоматология факультетінің  4- курс студенті  А.Т. Рахметжанова презентациясымен баяндама жасады.

Медицина және білім беру саласында жемқорлық туралы  3 бейне ролик көрсетілді. Конференция соңында сұхбаттасу жүргізілді.