«Біз Тәуелсіздік Қазақстан ұланымыз» атты іс-шара өтті

2017 ж. 19-қаңтарда №7 оқу корпусының 409-аудиториясында сағ. 1300 «биофизика курсымен  информатика» кафедрасының оқытушылары Шадинова К.С., аға оқытушылар Омарбаева А.Н, Садуакасова Г.М., және Ст16-01, Ст16-03 топ студенттерінің ұйымдастырылуымен «Біз Тәуелсіздік  Қазақстан ұланымыз» атты іс-шарасы өткізілді.

 Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Іс шараның мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу.

Іс-шара кезінде Тәуелсіздік күніне орай жасалған презентациялар көрсетілді, студенттер өздері шығарған туындыларын оқыды.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қоған мақсатымыз — өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Тәуелсіздік — біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қанымызды  аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз-  Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған бірнеше қабырға газеттері дайындалды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушы және қатысушы студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.