«Білім беру ұйымдарында білім алушыларды үлгілер бойынша қайта қалпына келтіру және курстан курсқа көшіру Ережесіне»

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларды үлгілер бойынша қайта қалпына келтіру және курстан курсқа көшіру Ережесіне»  (ҚР БжҒМ 11.04.2011 жылғы № 152 бұйрығына сәйкес) , С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ- нің ректорының  (27.11.2013 №1024 бұйрығына) негізделе отырып смтуденттерді курстан курска көшірудің келесідей белгілерінің бекітілгендігін  хабарлап, назарларыңызға ұсынамыз:

  1.  Белгіленген өту балын жинаған білім алушылар жоғарғы оқу орынының басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

2013-2014 оқу жылындағы білім алушылардың  курстан курсқа көшіру бойынша өту балдары:

Курстар

 

Орташа  балл

 

Оралмандар мен шетел студенттеріне арналған орташа балл

 

БРТ жүйеде

Дәстүрлі жүйеде

БРТ жүйеде

Дәстүрлі жүйеде

1-ші курстан 2-ші курсқа

1,33 «D+»

3,2- қанағаттанарлық

1 «D»

3,0- қанағаттанарлық

2-ші курстан 3-ші курсқа

1,67 «C-»

3,4- қанағаттанарлық

1 «D»

3,0- қанағаттанарлық

3-ші курстан 4-ші курсқа

2 «C»

3,6- қанағаттанарлық

1.33 «D+»

3,2- қанағаттанарлық

4-ші курстан 5- курсқа

2,33 «C+»

3,8-қанағаттанарлық

1.67«C-»

3,4-қанағаттанарлық

5-ші курстан 6- шы курсқа

2,67 «B-»

4,0-жақсы

2 «C»

3,5-жақсы

6-шы курстан 7-ші курсқа 3 «B» 4,3-жақсы 2.33 «C+» 3,8 -жақсы
  1. Белгіленген өту балын ала алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқу курсына қалдырылады (емтихан сессиясының өткендігіне қарамастан).
  2. Академиялық берешегі бола тұрып, егер базалық пән болмаса, белгіленген өту балының (GPA) негізінде келесі курсқа көшірілген  мемлекеттік білім гранты  негізінде оқитын студент грант иегері құқығынан  айрылмайды, ал даралық оқу жоспары бойынша академиялық берешегі бар пәндерді ақылы түрде оқиды.
  3.  Академиялық берешегі бола тұрып, белгіленген өту балының (GPA) негізінде келесі  курсқа көшірілген ақылы келісім- шарт негізінде оқитын студент даралық  оқу жоспары бойынша академиялық берешегі бар  базалық емес пәндерді ақылы түрде оқиды.

Бакалавриат мамандығы бойынша курстан курсқа көшіру үшін пререквизит (базалық) пәндер:

  1. 1-ші курстан 2-ші курсқа көшу үшін міндетті түрде жабылу керек пререквизит пәндер: 1. Молекулярлық биология және генетика, 2. Анатомия, 3. Медициналақ биофизика, 4. Латын тілі, 5. Коммуникативтік дағдылар.
  2. 2-ші курстан 3-ші курсқа көшу үшін міндетті түрде жабылу керек пререквизит пәндер: 1. Биохимия, 2. Бас және мойынның клиникалық анатомиясы, 3. Қалыпты физиология, 4. Микробиология, 5. Тіс протездерін дайындау технологиясы.
  3. 3-ші курстан 4-ші курсқа көшу үшін міндетті түрде жабылу керек пререквизит пәндер: 1. Патологиялық анатомия, 2. Патологиялық физиология, 3. Фармакология, 4. Ішкі аурулар, 5. Жалпы хирургия, 6. Жалпы иммунология, 7. Жұқпалы аулулар, 8. Офтальмология, 9. Оториноларингология, 10. Неврология, 11. Психиатрия, 12. Фтизиатрия, 13. Фтизиатрия, 14. Дерматовенерология, 15. Акушерлік және гинекология, 16. Тіс ауруларының профилактикасы.
  4. 4-ші курстан 5- курсқа көшу үшін міндетті түрде жабылу керек пререквизит пәндер:
    1. Терапевтикалық стоматология пропедевтикасы, 2. Хирургиялық стоматология пропедевтикасы, 3. Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы, 4. Балалар стоматологиясы пропедевтикасы.