Дүниежүзілік стоматологтар конференциясы «Тіс жақ сүйегінің қабыну аурулары»

Қазан айының 23-де Патологиялық анатомия кафедрасында стоматология факультетінің 005-02 тобы «Тіс жақ сүйегінің қабыну аурулары» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты- Ауыз қуысында кездесетін қабыну ауруларын санын азайту  және олардың морфологиялық диагностикасын дұрыс жүргізе білу арқылы –Қабыну ауруларының болуын алдын ала білуге, оларды дұрыс емдеуге, халыққа ауыз қуысының гигиенасын таза ұстауға, Қазақстанда дені сау ұрпақ пен салауатты халық өмірін қамтамасыз ету.

МАҚСАТЫ: Ауыз қуысында кездесетін қабыну ауруларын санын азайту  және олардың морфологиялық диагностикасын дұрыс жүргізе білу арқылы –Қабыну ауруларының болуын алдын ала білуге, оларды дұрыс емдеуге, халыққа ауыз қуысының гигиенасын таза ұстауға, Қазақстанда дені сау ұрпақ пен салауатты халық өмірін қамтамасыз ету.

Міндеті: Ауыз қуысының дұрыс қалыптасуына және  тістердің дұрыс өсуін және сол тіндердің патологияға ұшырамауын болдырмау міндеттерін қарастыру. Дәрігердің қарауынан  жылына 2 рет медициналық тексеруден өткізу.

Жүргізілу барысы:  Конференциямызға Асқарұлы Бекзат- Австралия, Көбесова Камиля-Корея,  Қаржаубаева Маржанай-Туркия, Оразбайұлы Марғұлан-АҚШ, Уланов Асылан-Ресей, Жартыбай Әлия-Франция, Рысқали Асылжан-Жапония мемлекеттерінің атынан қатысып, студенттер сол мемлекеттегі өзекті мәселелерін, сол елдің статистикалық мәліметін баяндады.

Қарастырылған тақырыптар:

  • Кариес
  • Стоматит
  • Пульпит
  • Пародонтит
  • Абцесс
  • Флегмона
  • Периодонтит

 

Конференцияға: Стоматология факултетінің декан орынбасары Алма Сайпутдинқызы, Патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі Айгуль Дюшекешқызы, Аға оқытушылар Ұлдана Алшерқызы мен Эльзира Еликбайқызы қатысты.

Қорыта айтқанда конференция өте қызық өтті. Қарастырылған тақырыбымызда стоматология саласының негізгі тақырыптары болды. Конференциямыздың соңында Ұстаздармен студенттер арасында диспут жүргізілді. Басқа кафедраларда сабақтарын осындай конгресс, конференция, дебат форматында өткізіп, барлық мүмкіншіліктерімізді пайдалансақ бәсекеге қабілетті дәрігер болып қалыптасады деген ойдамыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Ахметов.Ж.Б «Патологиялық анатомия»

www.google.kz

www.vk.com

www.meduniver.ru

Прохватилов Г.И. Инфекции головы и шеи / Г.И. Прохватилов, И.А. Ерюхин, Б.Р. Гельфанд, С.А. Шляпников и др. // Хирургические инфекции / под ред. И.А. Ерюхина. — СПб: Питер, 2003. — С. 409-440.

www.pathologyoutlines.com

http://en.wikipedia.org/wiki/

http://www.google.ru/imgres?imgurl=http://dentalhelp.ru/images/zabolevani9-rotovoypolosti/glossit/kandidozniyglossit-1.jpg&imgrefurl

Прохватилов Г.И. Инфекции головы и шеи / Г.И. Прохватилов, И.А. Ерюхин, Б.Р. Гельфанд, С.А. Шляпников и др. // Хирургические инфекции / под ред. И.А. Ерюхина. — СПб: Питер, 2003. — С. 409-440.

100. Sudbo J., Reith A. Which Putatively Pre-Malignant Oral Lesions Become Oral Cancers? Clinical Relevance of Early Targeting of High-Risk Individuals. Journal of Oral Pathology and Medicine. 2003;32:63–70

76.  ———.2003. The World Oral Health Report 2003: Continuous Improvement of Oral Health in the 21st Century—The Approach of the WHO Global Oral Health Programme Community Dentistry and Oral Epidemiology 31Suppl. 11–21.21.

31.  Demertzi A., Topitsoglou V. Caries Prevalence of 11-Year-Olds between 1989–2001 Abstract. Community Dental Health.2002;19:203.

Биологически активные перевязочные средства в комплексном лечении гнойно-некротических ран / Методические рекомендации под общей ред. акад. РАМН В.Д. Федорова и проф. И.М. Чижа. — М.: 2000. — 38 с.

 

 Конференция модераторы: Бөріхан Ерболат

 Ұйымдастырушы топ: СТ-11 005-02

Топ жетекшісі: аға оқытушы, м.ғ.к. —  Алшериева Ұ.А.