Екі жұлдыз байқауының 2 кезеңі болып өтті

Әне-міне дегенше  уақыт зымырап, университетімізде  өтіп  жатқан  «Екі жұлдыз»  ән  байқауының  2  кезеңіде  өтіп  кетті. Бұл жолы байқаудың  шарты  бойынша  байқауға  қатысушылар  80-90 жылдардағы  дискотека  әндерінің  ішінен  ұнағанын таңдап,  орындап шығуы тиіс болатын.

Байқауға қатысушылардың бірқатары өте жақсы деңгейде дайындалғаны көрініп тұрды, ал бірақ та дайындығы аздау болған жұптарда кездесті.

Белгілі  әнші, композитор  Өктем  Алтаев  бастаған  әділ-қазылар алқасы  бәрін  сараптап,бағалап,байқауды қорытындылады.

Өз кезегінде  біздің Стоматология институтының талантты студенттері  және де батыл әрі өнерлі оқытушыларымызды,2 курс студенті Бөріхан Ерболат пен Халықов Мақсат, 1курс студенті Балқан Ақылбек пен Алмагүл Сайпутдинқызы
1 курс студенті  Муллаташев  Шерзат пен Тамара Қошқарбайқызын ерекше атап өтсек айып болмас.Өздерінің керемет дауысымен,биі және де сахналық қойылымымен  ерекше  көзге  түскен жұптарымызға  соңғы байқауда   үлкен сәттілік тілейміз!!!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара