Екі жұлдыз-дүлділдер додасы

11.04.2013  күні университетімізде биыл 4-ші рет өткізіліп отырған,  дәстүрге айналған «Екі Жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті. Екі айға жуық уақытқа созылған байқау  биыл  өте жоғары  деңгейде  өтті. «Concordia» тетрының көркіне айналған  қатысушыларымыз  бір біріне бауыр басып  қалғаны сөзсіз байқалды.

Бұл  жолы  қатысушыларымызға қойылған талап кинофильмдер мен мультфильмдердегі әндерді орындау болатын. Жұптарымыз өте жоғары дайындықпен келіп,сахнаны жандырып жіберді. Өзіміздің  Стоматология  институтымыздың кереметтей жұптары Бөріхан Ерболат пен Халықов Мақсат,Балқан Ақылбек пен Алмагүл Сайпутдинқызы және де Муллаташев Шерзат пен Тамара Қошқарбайқызына қолдауымыз ерекше болды.

Белгілі әнші,композитор Өктем Алтаев бастаған әділ қазылар алқасы
байқау соңында өздерінің  шешімдерін шығарды. Соңында Салтанат Айкенқызы мен Өктем Алтаев шығып,байқаудың өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан барша ұйым  мен  басшы, студенттерге өз алғысын білдіріп,марапаттады. Сонымен қатар факультеттер мен үздік жүргізушілеріміз Ғани мен Ахметте назардан тыс қалған жоқ.

Сонымен,байқауды қорытындылайтын болсақ, 16 жұп ішінде «Ең жарасымды жұп»  номинациясы Муллаташев Шерзат пен Тамара Қошқарбайқызына бұйырды. Бөріхан Ерболат пен Халықов Мақсат 2 орынды жеңіп алса,бас жүлдені тағы да өзіміздің  институтымыздың  керемет жұбы Алмагүл  Сайпутдинқызы  мен  Балқан  Ақылбек  жеңіп  алды.

Әдеттегідей Стоматология институты 1 орында!!!

Құттықтаймыз!!!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

 Ермек Динара