Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауы және соңғы Конституциялық өзгерістерді талдауға арналған дөгелек үстел өтті

Университетіміздің  №1 М. Мәметова аудиториясында Еліміздегі соңғы Конституциялық өзгертулер мен толықтырулар және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын талқылау мақсатында Стоматология факультеті және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 31 наурыз күні дөңгелек үстел өтті.

Конференцияға С.Ж. Асфендияров университеті бойынша Нұр Отан партиясының бастауыш ұйымының төрағасы Исатай Әзімұлы қатысты. Исатай Әзімұлы студенттерге Еліміздегі соңғы саяси процесстер жайлы  түсініктеме беріп, оларға оқуда сәттілік тіледі.

Келесі кезекте Құқық кафедрасының аға оқытушысы Нұран Есенгелдіұлы соңғы Конституциялық өзгертулерге құқық маманы ретінде талдау жасады. Осы Конституциялық өзгертулерге Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Г.Т. Рсалдина саяси тұрғыдан талдап берді.