Ештеңе, еш уақытта, ешқашан ұмыт болмайды! Соғыс! Биыл осы бір қаралы күннің аяқталып орнына жеңіс деген сөздің басқанына 68 жыл болыпта қалыпты. Ата-бабаларымыздың жасаған ерлігін 9 мамыр ғана емес жыл 12 ай тойласақта аздық етпес. 500 ге жуық Қазақстандық батыр атағын алды, оның ішінде 4 қазақстандық 2 рет Кеңес Одағының батыры атанған. Қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде оқыған Маншүк Маметова атты батыр қызымызда соғыстың азаптарын басынан кешті. Өзінің асқан ерлігімен көзге түске Маншүк Маметова қаншама халыққа өнеге болды. Жақында ғана Маншүк Маметованың 90 жылдығына орай Университетімізден Стоматология институтының 5 курс студенті Сметов Ғани және 3 курс студенті Исабекова Самал Ресей мемлекетіне батыр қызымыз жатқан жердің топырағын алып келген. Бұл университетіміздің Батыр қызға деген құрметі. Осы бір айтулы күнді атап өту мақсатында Стоматология институтының 2, 4 және 5 курс студенттері мен терапиялық стоматология кафедрасының қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Рәсімде ұстаздарымыз сөз сөйлеп, болашақ ұрпақтың аспаны мәңгі көк және ашық болуын тіледі. Студенттерімізде өз тілектерін білдірді. Соғыста 90 пайыздайы ер азаматтарыз соғысқан болса, соғысқа деген киім-кешек, азық-түліктің барлығы аналарымызбен қыздарымыздың қолынан өткен болатын. Соғыстағы әрбір тиген оқ, әрбір өткен зұлмат күн, көзден шыққан әрбір тамшы жас жүрегімізде. Ештеңе, еш уақытта, ешқашан ұмыт болмайды! Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді. Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айырылған аналардың жүрегі. О, аналар, осындайсың бәрін де, Осындайсың жасың-дағы, кәрің де. Сиынатын болса өмірде құдірет, Сиынар ем ана деген тәңірге. Старший тьютер модуля терапевтической стоматологии: асс., к.м.н. Кумарбаева А.Т. Стоматология факультетінің 2 курс студентті : Бөріхан Ерболат

Соғыс! Биыл осы бір қаралы күннің аяқталып орнына жеңіс деген сөздің  басқанына 68 жыл болыпта қалыпты. Ата-бабаларымыздың жасаған ерлігін 9 мамыр ғана емес жыл 12 ай тойласақта  аздық етпес. 500 ге жуық Қазақстандық батыр атағын алды, оның ішінде 4 қазақстандық 2 рет Кеңес Одағының батыры атанған. Қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде оқыған Маншүк Маметова атты батыр қызымызда соғыстың азаптарын басынан кешті. Өзінің асқан ерлігімен көзге түске Маншүк Маметова қаншама халыққа өнеге болды. Жақында ғана Маншүк Маметованың 90 жылдығына орай Университетімізден Стоматология институтының 5 курс студенті Сметов Ғани және 3 курс студенті  Исабекова Самал Ресей мемлекетіне батыр қызымыз жатқан жердің топырағын алып келген. Бұл университетіміздің Батыр қызға деген құрметі. Осы бір айтулы күнді атап өту мақсатында Стоматология институтының 2, 4 және 5 курс студенттері мен терапиялық стоматология кафедрасының қатысуымен  Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Рәсімде ұстаздарымыз сөз сөйлеп, болашақ ұрпақтың аспаны мәңгі көк және ашық болуын тіледі. Студенттерімізде өз тілектерін білдірді. Соғыста 90 пайыздайы ер азаматтарыз соғысқан болса, соғысқа деген киім-кешек, азық-түліктің барлығы аналарымызбен қыздарымыздың қолынан өткен болатын. Соғыстағы әрбір тиген оқ, әрбір өткен зұлмат күн, көзден шыққан әрбір тамшы жас жүрегімізде. Ештеңе, еш уақытта, ешқашан ұмыт болмайды!

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.

О, аналар, осындайсың бәрін де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем ана деген тәңірге.

Старший тьютер модуля терапевтической

 стоматологии:

асс., к.м.н. Кумарбаева А.Т.

Стоматология факультетінің 2  курс студентті :

Бөріхан Ерболат