«Ең үздік аспазшылар» анықталды

«Ең үздік аспазшылар» анықталды.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың №5 жатақханасында аспазшылар сайысы өтті.

1.11.2015 күні Стоматология факультетінің №5 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен №5 жатақханада «Ең үздік аспазшы» атты көңілді сайыс болып өтті. Бұлсайысқажатақханатұрғындарынан 4 топ атсалысыпқатысты. Әр топ құрамында 3-4 студенттенболды. Бұл сайыстың мақсаты студенттерге көңіл-күй сыйлап, оларды еңбекке ұмтылдыру болатын.

Бірінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінен құралған 7 бөлменің«Сиқырлы аспазшы қыздары»: Әбен Анар, Тас Жансая, Мәдімәр Ақкенже, Қамар Алмагүл

Екінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінен құралған 2 бөлме қыздары «Достық» тобы: Қалдыбаева Жәмилә, Ботабекова Камила, Қасенова Динара, Ешбаева Макбал

Үшінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінен құралған 6 бөлме қыздары «Болашақ стоматологтар»: Садикова Юлдуз, Полатова Адина, Елдосова Жамила, Куандык Индира.

Төртінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінің «Аспазшылар» тобы: Рахымқұлова Алтынай, Демисинова Салтанат, Сарқұл Индира, Тәжібаева Нұргүл.

Сайыс ережесі бойынша әр топ бір ыстық тағам, көкөніс, жеміс салатын немесе бір десертті таңдауы бойынша әзірлеу керек. Әр топ өзіндік фантазиясымен, ерекше тағамдарын әзірлеп, өз өнерлерін ортаға салды. Студенттер тек білімді ғана емес, жан-жақты белсенді екендерін баршаға дәләлдеді.

Сайыс өте жоғары дәрежеде әрі тартысты болып өтті. Бір-бірінен өткен алуан түрлі, дәмі тіл үйіретін тағамдар әзірленді.

Қазыларалқасыныңмүшелері:

  • Стоматология факультетінің №5 жатақханаұстаздары.

Студенттердің үкімет төрайымы Ермек Динара мен жатақхана студенттерінің кеңесі Мұхтарқызы Ақбота әр топқа үлкен алғыстарын білдіріп, үздіктерді анықтады.

Сонымен сайыс жеңімпаздары деп  1 курс студенттерінен құралған  «Сиқырлы аспазшы қыздар» тобы танылды. 2 орынды  1 курс студенттері «Болашақ стоматологтар» тобы қанжығасына байласа, 3 орынды «Достық» тобы қанағат тұтты. Ал 4 орынды «Аспазшылар» тобы иеленген болатын.

Жеңімпаз қатысушыларға жатақхана тұрғындарының атынан сыйлықтар мен мақтау қағазы табысталды.

Сайыс соңында қазылар алқасы және көрермендер дәмді тағамдардан дәм татып, өз ризашылықтарын білдірді.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

                                                                                              Әлжекесова Бибігүл