«Ең үздік аспазшы» сайысы өтті

27.09.2013  күні  стоматология  факультетінің  № 5  студенттік  жатақханасында  Ортодонтиялық  және  балалар  жасындағы  стоматология   пропедевтикасы  модулінің  оқытушылары  Алтынай  Сапарқызы мен  Гүлбану  Тұрмаханқызы  ұлдар  арасында «Ең  үздік  аспазшы»  сайысын  ұйымдастырды.Сайысқа  2курс  студенттері  қатысып, әр түрлі  тамақ  түрлерін  әзірледі. Сайыс нәтижесі  бойынша  1 орынды  Муллаташев  Шерзод  пен  Жантаев  Әділжан жеңіп  алса, 2 орынды  Еңкебаев  Нұрбол алды. 3 орын  Тағайбек  Қалаубек  пен  Тынышбек  Рамазанға  бұйырды.

Қатысушыларға  әр  түрлі  бағалы  сыйлықтар  тапсырылды.Өте  тартысты  өткен  бұл  іс шараға  студенттер  ұйымдастырушыларға  дән  ризашылығын  білдіріп  тарқасты.

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы

Ермек Динара