Жатақхана аралық спартакиада

02.11.2012   күні  С.Ж.Асфендияров   атындағы  Қазақ  Ұлттық   Медициналық   Университетінің  жатақхана   аралық    спартакияда    ойындары   болып өтті.

Спартакиадаға   университет   жатақханаларының    студенттері    белсенді   қатысты.  Сайыс   шахмат, футбол,  волейбол, теннис, бокс  ойындары  бойынша  жүргізілді. Нәтижесінде  біздің  Стоматология   факультетінің  №5  жатақханасының   спортшы- студенттері  футболдан және  теннистен   1  орынды   жеңіп  алды.  Ал,  жатақхана  аралығында  2 орынды  иеленді.

Бұл  спартакиада   студенттер  арасында  достық  бауырластық  қарым-қатынасын  дамытуға  бағытталған.Сондықтан  да  спапртакиада  жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  аталып  өтетін  болады.

Студенттерге  қолдау  көрсеткен  Стоматология  факультеті  деканының  тәрбие  жұмыстары  бойынша   орынбасары   Алмагүл  Сайпудинқызына  үлкен  алғыс  білдіреміз!!!

Стоматология  факультетінің  Ақпараттандыру  және  Қоғамдық  істер  секторы

Ермек  Динара