«Жемқорлықтың алдын алудың негізгі шаралары» атты дөңгелек үстел өтті

Елбасы Н.А. Назарбаевтың «100 қадам алға » ұлттық жоспарын орындау мақсатында 2015-2025 жылдар аралығындағы ҚР коррупцияға қарсы стратегиясына және  стоматология факультетінің іс шаралар жоспарына сәйкес,  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессорлық оқыту құрамы және студенттеріңің арасында жемқорлықтын алдын алу мен ескерту мақсатында кітапхананың оқу залында 02.03.2017 сағат 10.00 «Жемқорлықтын алдын алудың  негізгі шаралары»    атты тақырыпта дөнгелек стол отырысы жүргізілді.  Дөңгелек столдың модераторы ТҚН модулінің басшысы С.М. Зикриярова және оқытушы Кусайынова Э.И. болды. Дөңгелек столдың отырысына Студентермен жұмыс жасау басқармасының бөлімше басшысы  Апсаттарова С.А. және Стоматология факультетінің декан орынбасары Жексембиева А.Д. және ТҚН курсының оқытушылары қатысты.

Дөнгелек столдың отырысында Стоматология факультетінің 3 курс  студенті  Торғай А. баяндамасын жасады. Стоматология факультетінің 3 курс  студенттерімен «Медицина саласындағы жемқорлық» атты қойылым көрсетілді. Сонымен қатар дөңгелек стол отырысында стенд және постер баяндамалары болды.