«Жемқорлық іңдет – жою міндет»

Стоматология факультетінің 1 курс студенттері мен «Биофизика курсымен информатика» кафедрасының оқытушылары доцент Андаспаева А.А., аға оқыт. Сержанова Қ.Ш., аға оқыт. Рахимбаева Р.С. ұйымдастыруымен «ЖЕМҚОРЛЫҚ ІҢДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Кешіміздің мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Мақсатымыз біз өз қоғамымызда жесқорлыққа жол бермеу, онымен күрес жолдарын көрсету, айту, жеткізу болып отыр.

Кеш 1 курс стоматология факультетінің 002-1,2 топ студенттерінің ұйымдастырып,  белсене қатысуымен өтті, кеш соңында топ студенттеріне мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды.