Информатика кафедрасының «Жемқорлыққа жол жоқ» атты Стоматология факультетінің студенттерімен ашық кездесуі

03.01.2013 күні университетіміздің  информатика  кафедрасының  оқытушыларының   ұйымдастыруымен  стоматология  факультетінің     1  курс  студенттері  арасында  «Жемқорлыққа  жол  жоқ»  атты  қызықты  жарыс   өткізілді.Бұл  кездесу стоматология факультетінің№5 жатақханасында өтті.Әр  топтың  студенттері  жеке  бір  КВН  командасы   болып  сайысты. Сайыс  өте  қызықты  болды.  Студенттер  жан-жақты  қызықты әзілдерін  көрермен  назарына  ұсынды.   Сонымен қатар  өз өнерлерімен  көзге  түскен  студенттер  де болды.Атап  айтсақ,Балқан  Ақылбек,Муллаташев  Шерзат,Жолшыбекова  Әсел,Өміртай  Шапағат,Тынышбек  Рамазан. Сайысқа  стоматология  факультеті   деканының   тәрбие  ісі  бойынша  орынбасары  Алмагүл  Сайфутдинқызы  көрермендерге  өз  ойымен  бөлісті.Әрмен  қарай  «Жалпы Медицина»  факультетінен  арнайы   қонақ  болып  келген  студенттерде  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Мың  бұралған  «Наз»  би тобының  биші  қыздары  да  назардан  тыс  қалмады. Сайыс   соңында  үздіктер  марапатталды.Атап  айтар  болсақ  1 орынды  12-02 тобы,2  орынды  12-01 тобы,3 орынды 12-03  тобы  жеңіп  алды.

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы  Ермек  Динара