Мастер-класс

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінде 22.10.2013 жылы 3 және 4 курс студенттерімен Densply фирмасының қызыметшілерімен мастер-класс ұйымдастырылды.Мастер-класс Densply фирмасының қызметшісі Сауле Абилековамен жүргізілді.

Мастер-класста Densply фирмасының өнімдері таныстырылды: эндодонттық аспаптардың жаңа ұрпақтары (машинамен және қолмен жұмыс жасауға арналған ProTaper Universal эндодонттық жүйедегі никель-титанды аспаптар), меркерленген қағаз, гуттаперчалы штифтер, түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын өлшеуге арналған арнайы сызыш, обтураторлар,жалпы тәжірибедегі стоматологтарға арналған эндо матор X-SMART (бір қондырғыдағы матор және апекс-локатор) сымсыз, батарейкамен жұмыс жасайды.

Фантомды блокта ProTaper жүйесінің аспаптары көрсетілді- емдеуде, қайта емдеуде қолданылатын, түбір өзекті обтурациялауға және кептіруге арналған арнайы түсті кодировкаға сай құралдар.

ProTaper жүйесіндегі эндодонттық аспаптар түбір өзекті өңдеуде аз мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді.Сонымен қатар фантомды блокта түбір өзекті обтурациялауға арналған арнайы пеш Thermoprep көрсетілді.

Қатысушылар: профессор Баяхметова А.А., доценттер: Құнанбаева Т.С.  Баскакова И.В.,

Сагатбаева А.Д., ассистенттер:  Смагулова Е.Н., Уразбавева Б.М., Маңғытаева Б.Б., стажер-оқытушылары: Долгих В.Р., Жаханова С.Н.  IV курс студенттері: 10-011-1,10-011-02,10-011-02, 10-001-1,10-005-2,10-005-1,10-001-2топтары және 3 курс 11-004-01, 11-004-02 топтары.

Студенттер белсенділік танытып, ProTaper жүйесіндегі түбір өзекті обтурациялауға арналған эндодонттық аспаптармен фантомды блоктарда мануальды дағдыларын өздері жүзеге асырды.

 

Отырыстың төрағасы   м.ғ.к.доцент.                               Кунанбаева Т.С

Хатшысы 4 курс студенті:                                                  Тоқсан Ж.Е.