«Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің нышаны» атты мерекелік іс-шара

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Б.Тауекелова, оқытушылар Д.Б.Амантаева және Ж.У. Сегізбаева ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің нышаны» атты мерекелік іс-шараны салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шара 5 маусым 2017 жылы, сағат 10.00-11.00. № 1 Мәншүк Маметова атындағы аудиторияда өткізілді. Оған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары және «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Мерекенің салтанатты ашылу сөзін кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. доцент З.У.Бисембаева алды. Келесі сөзде ф.ғ.к., доцент А.А.Рыскиева «Геральдикалық рәміздердің философиялық мәні» атты баяндамасын оқыды. Өзінің тағылымы мол, ғибратты баяндамасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті., ф.ғ.к. Ә.А. Кұранбек «Сакральды рәміздер және ұлттық идентификация» оқыды. Содан кейін, студенттер өздерінің дайындаған баяндамаларын, атап өтетін болсақ, Д. Хамза «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті 019 топ, «Қазақстан Республикасының рәміздері-Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» баяндамасымен, А.Н.Төлеген «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті 028 топ «Қазақстанның инновациялық даму жолындағы мәңгілік ел бастамасы» баяндамасымен,

Г.С. Саматова «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті 028 топ, «Қазақстан -2050» Стратегиясы болашақтың жарқын дамуы» баяндамасымен, А.Н. Жақыбаева «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті, 017 топ «Тәуелсіздік белгілері-рәміздер» баяндасымен, М.Б. Барибаева «Тәуелсіз Қазақстан – бұл Мәңгілік ел, болашаққа бағдар және рухани жаңғыру» баяндамасымен, «ЖМ» 15-0019топ студенті Бекетай А.Б. «Symbols of the Pepublic of Kazakhstan» баяндамасымен шықты. Соңынан концерттік бағдарлама берілді. Құдайберген Ақын «Адай» күйін тартып, студенттердің патриоттық шабыттарын оятты. Юсупов Қайрат «Қазақтай ел қайда» әнімен аудиторияны бір тебірентсе, Омарова Ү. «Ел басына арнау» атты өзінің өлеңін оқыды. Соңынан «Көк тудың желбірегені» әнін барлығы қосылып айтып, қолдарындағы көк туды желбіретіп, шабыттана шырқады. Студенттердің белсенділігі мен Отанға деген махаббаттарының мол екендіктерін көріп, оқытушылар да риза болды. Мерекелік іс-шара өз өз деңгейінде өткізілді деп ойлаймын.