«Менің университетім-менің мақтанышым»

Стоматология факультетінің 1 курс студенттері мен «Биофизика курсымен информатика» кафедрасының оқытушылары доцент Шадинова К.С., аға оқыт.Жусипбекова Ш.Е., оқыт. Жакипова Ш.А. ұйымдастыруымен  25 қараша күні №4 аудиторияда сағат 13.00-де «Менің университетім-менің мақтанышым»  тақырыбында іс-шара өткізілді.

Кешіміздің мақсаты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің  жастары, бүгінде үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі көшбасшы университетте білім алуда. Демек, бүгінгі кеш  өзіміздің сүйікті университетіміз жайлы болмақ. Менің университетім — менің мақтанышым жайлы университетіміздің тарихын, ұлы тұлғаларын студенттерге  жеткізу болып отыр.

Кешті 1 курс стоматология факультетінің 005, 007-1,2 топ студенттері ұйымдастырып,  кеш соңында белсене қатысқан топ студенттеріне мақтау қағаздары мен алғыс хаттары тапсырылды.