«Менің Қазақстаным – менің болашағым. Мәнгілік ел — Қазақстан»

2016 ж. 8-желтоқсан күні №7 оқу корпусының 8-аудиториясында сағ. 1300 «Биофизика курсымен  информатика» кафедрасының доценты Ж.Ж. Ажибекова, аға оқыт. Б.Н. Джаханова, оқыт. А.Р. Рысқан және Ст16-01, Ст16-04, ЖМ16-06, ЖМ16-05 топ студенттерінің ұйымдастырылуымен «Менің Қазақстаным – менің болашағым. Мәнгілік ел — Қазақстан» тақырыбына пікір-талас өткізілді.

Пікір-таластын мақсаты: студенттердің ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікті, патриоттық рухын тәрбиелеу.

Іс-шараны үш жүргізуші жүргізді. Пікірталасқа қатысатын командалардың Жақтаушы және Баптаушы позициясы анықталды және  әділ бағасын беретін қазылар алқасын таныстырылды : кафедра доценті Андаспаева Айгүл Абжаппарқызы, доцент Шадинова Күнсұлу Сейдазқызы және аға тьютор аға оқытушы Омарбаева Арайлым Нұрақынқызы.

Топ көшбасшылары өз топтарын, команда атын және девиздерін жария етті. Бірінші команда «Зерде», екінші команда   «Жалын» деп аталды. Жүргізушілер  пікір-таластың негізгі ережелерін атады:регламент сақтау, әр топта 7 студент болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық таныту. Пікір-таласта 5 сұрақтар қарастырылды: «Біздің болашағымыз үшін Үштілділік қажет пе?», «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?», «Қазіргі студенттің тамақтану режиміне көңіліңіз тола ма?»,
«Қазақстанда өлім жазасы керек пе?, Смартфонның зияны мен пайдасы?»

Пікір-талас барысында 2 күй, 1 өлең орындалды, Expo-2017 тақырыбына баяндама жасалды және іс-шара тақырыбына байланысты көрнекті  презентация көрсетілді. Студенттердің көмегімен  тақырпқа байланысты  6 плакаттар дайындалды.

Іс-шараның соңында доцент А.А.Андаспаева  қорытынды сөз айтты. Барлық қатысушылар мен командалар мақтау қағазымен марапатталды.