«Мен және жемқорлық»

ҚазҰМУ-ның сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты және оның Бағдарламасы. жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар біршама. Соның бірі 06.05. күні «Мен және жемқорлық» атты  логотиптер сайысы №5 жатақханада өткізілді. Сайысты «Медициналық биофизика және биостатистика» модулінің проф.Адибаев Б.М., доц. Байдуллаева Г.Е. және аға оқыт. Алмабаева Н.М. ұйымдастырды. Алғашқы сөзді профессор Б.М.Адибаев мырза алды. Ол жемқорлықтың қылмыс екенін, елімізде  етек жайып келген бұл зобалаңның зардаптары т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Содан кейін модульдің жетекшісі доцент Г.Е.Байдуллаева университетте жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында, сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парыз екені туралы баяндады. Қылмыс – ең алдымен қоғамдық қауіпті әрекет екенін, қылмыс жасаған адамның заң бойынша жазаға тартылуы керек деген мақсатта студенттер өздері көркемдеп дайындаған логотиптерін  ұсынды. Сайысқа 10 логотип қатысып, оған «Жалпы медицина», «Фармацевтикалық» және «Стоматология» факультетінің I, II курс студенттері қатысты. Көрермен студенттер өздері жұмыстарды бағалады. Нәтижесінде I орынды «Фармацевтикалық» факультетінің ФӨТ 013-003/1 тобы, II орынды «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ 012-025 тобы,  III орынды «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ012-024 тобы иемденді. Қатысқан студенттер грамота және сертификаттармен марапатталды.