МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН…

МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН…

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тараихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады. Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт – жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни оның рухани денсаулығын қалыптастыруға белгілі бір дәрежеде ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Мен өмірді сүйемін…» атты сайысты «Медициналық биофизика және биостатистика» модулінің профессоры Адибаев Б.М., доцент Байдуллаева Г.Е., Алмабаева Н.М. ұйымдастырды.  Шара туралы сайтта хабарландыру жасалды.

Сайысқа барлық факультеттің 1,2,3 курс студенттері өз туындыларын ортаға салды. Әділ қазылар алқасының құрамына:

  1. Студенттерді әлеуметтік құзыретін дамыту департаментінің маманы Гулмира Махмутқызы;
  2. «Стоматология» факультетінің деканының орынбасары Жазира Нұрасылқызы;
  3. Профессор Адибаев Б.М.
  4. Аға оқытушы Исмаилова М.М.
  5. Аға оқытушы Алмабаева Н.М. кірді.

Сайысқа  28 жұмыс қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 4 студент Грамотамен, 24 студент дипломмен марапатталды.

Грамотамен:

  1. Утепкалиева И. – СТ014-007/2 топ студенті;
  2. Подымская Э. – ТФП014-005/2 топ студенті;
  3. Темірзақова Ж. – ЖМ 014-011/2 топ студенті;
  4. Таирова З., Таирова Ф. – ТФП014-005/2 топ студенті марапатталды.