«Невада – Семей» қозғалысының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы — ядролық қаруға қарсы қозғалыстьың көшбасшысы»

25.04.2014 ж.Қазақстан – Үнді елшілігі ғимаратының №5 аудиториясында сағат 12.00-де Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы мен қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен«Невада – Семей» қозғалысының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы — ядролық қаруға қарсы қозғалыстьың көшбасшысы» атты ғылыми – теориялық конференция болып өтті.

Конференция қонақтары Б.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медициналық зерттеу институтының ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөлімінің жетекші маманы Л.Т.Ералиева және Әлеуметтік тәрбие басқармасының бас маманы С.Б.Әсембеков.

Конференцияны Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі З.У.Бисембаева ашып баяндамашы студенттерге сәттілік тіледі.

Конференция үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Б.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медициналық зерттеу институтының ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөлімінің жетекші маманы Л.Т.Ералиева «Б.Атшабаров – Семей полигоны зардаптарын зерттеуші тұңғыш ғалым, мемлекет қайраткері» атты баяндамасымен басталып студенттердің ғылыми баяндамаларымен жалғасын тапты. Бұл бөлімде стоматология факультетінің І курс студенті А.Альпейісова «Н.Ә.Назарбаев – ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілік жаршысы», ЖМ факультетінің 026 топ студенті А.Амирова мен А.Сергазина «Олжас Сүлейменов – ақын, саясаткер», ҚДС факультетінің 102 топ студенті Н.Келгенбаева «Ядролық қарудың адам ағзасына әсері» және т.б. студенттер түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын жасады.

Екінші бөлім «Қазақстан ақын – жазушыларының ядролық қаруға қарсы Үні» деп аталды. Бұл бөлімде студенттер қазақ ақын – жазушыларының ядролық қаруға қарсы жазған шығармаларынан үзінді оқыды. Сонымен бірге стоматология факультетінің І курс студенттері Қалдыбай Жұлдызай, Әбдіраш Гүлзат Роза Мүханованың «Қыз жылаған» романынан көрініс қойды.  Көріністің сәтті шыққаны соншалық оқытушылар мен студенттер көздеріне жас алып, үлкен тебіреніспен қабылдады.

Ал үшінші бөлім «Жас қаламгерлер дауысы» деп аталды. Үшінші бөлімде студенттер өз жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнады. Бұл бөлім бейнелеу мен көркем сурет байқауына да арналды. Студенттер өз қолдарымен салған «Невада – Семей ядролық қаруға қарсы қозғалыс», «Невада – Семей» қозғалысына 25 жыл,  «Қазақстан Республикасы – ядролық қарусыз мемлекет» атты бірнеше суреттер мен қабырғалық газеттер ұсынды.

Конференция соңында «Невада — Семей» деректі фильмі көрсетіліп, ЖМ факультетінің 041 топ студенті Махпирова Маликаның орындауында «Атамекен» әні орындалды.

Конференцияның жабылу сөзін Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының саясаттану секциясының аға оқытушысы, доцент Ғ.Т.Рсалдина алып конференцияның өте сәтті өткенін және студенттердің жасаған баяндамаларының әсерлі шыққанын айта келіп, мақтау қағаздарымен марапаттап, болашақ дәрігерлердіотанының, мамандығының патриоты болуға шақырды және солай болатындығына сенетіндігін баса айтып өтті.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушылары, т.ғ.к., Дауытбекова М.Қ., Илгидаева С.М.