Ортопедиялық стоматология модулінің №5 жатақханасындағы студенттермен тәрбиелік жұмысы.

Студенттермен кездесу сағат 19-00 де басталды. Кездесудің тақырыбы:

« Тәуелсіздік және стоматология» Бірінші сөзді профессор  И.Ә. Құлманбетов бастап, студенттерді модуль оқытушылармен таныстырды. Доцент Лабанов Ю.С., Шаймарданов С.М., ассистент Баянбаев М.А. т.б. Студентермен кездесу барысында оларға сұрақ қойып, хал-жағдайлармен  білді. Әсіресе, Проф. Құлманбетов И.С. тәуелсіздік күніне арналған әңгімесі қызықты өтті. Стоматология саласының тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі кездеріндегі даму барысы өте әсерлі болды. Студентер сұрақ қойып, жауапқа қанағатанып, кештің соңында топ болып болып студентермен  оқытушылар суретке түсті.