«Пешене» атты сахналық қойылымы

«Пешене» атты сахналық қойылымы

08.04.2015 күні «Өнерлі факультет» атты факультет аралық байқаудың соңғы кезеңі,яғни сахналық қойылым номинациясы бойынша сайыс өтті.Бұл күні Стоматология факультеті Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырып, «Пешене» атты  сахналық  қойылымын  көрермен назарына ұсынды.Пьессада басты рөлді соғыс ардагері Оралбек қарияның рөлін стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы хас шеберлікпен орындап шықты.Сондай ақ, басты рөлдерді 3 курс студенттері Өміртай Шапағат,Абденбаев Қанат,Балқан Ақылбек,2 курс студенті Абдраш Гүлзат,1 курс студенті Құрмантаев Еламан өте жоғары дәрежеде сомдап шықты.

Сұрапыл соғыста елі үшін,жері үшін жанын беріп қан  майданда ақтық демі шыққанша күресіп қаншама ардагер ата-апаларымыз мерт болып кетті.Сұм жауға тойтарыс беріп,еліне батыр атанып оралған ардагерлеріміз саусақпен санарлық.Бүгінде сол батырларымыздың жағдайы қалай екен?

Жастарымыз жеңістің қандай жолмен келгенін,кімдердің арқасында мына бейбіт заманда бейғам өмір сүріп жатқанымызды бірі ұқса,бірі ұқпас.

Міне,осы бір өзекті тақырыпта «Пешене» атты сахналық қойылымды тамашаладық. Ардагер аталарын жақтыртпаған ұрпақтарының соңында,аталарынан  айрылып қалғаннан кейін қадырын түсінетіндігі әрине өкінішті. Бір сөзбен айтқанда, спектакль  көрермендерінің көзіне еріксіз жас келіп, көңілді толқытып,ойландыратындай сахналық қойылым болды. Өзі режиссер,өзі басты рөлді сомдаған Бақанай Амантайұылының актерлік шеберлігінің жоғары дәрежеде екенін байқадық. Факультетінің нағыз жанашыры екеніне  тағы да бір көзіміз жеткендей болды. Сонымен қатар студенттерімізде өзіне берілген рөлдерді аса шеберлікпен орындап көрермендерін бір қуантты.Әділ қазылар алқасында отырған кинорежиссердің өзі мақтауымен алғысын білдіріп жатты.Бұл спектакльді әлі де тамашалайтын боласыздар!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара