Спартикада жеңімпаздары

Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ стоматологиялық факультетінің құрама командасына кірді. Бұл құрама команда Спартакиадаға ПОҚ және ӘБА ҚазҰМУ арасында өткен футболға, үстел теннисіне, дойбаға, шахматқа қатысты. Спартакиада 2017 жылы, 13 – 21 ақпан аралығында ҚазҰМУ-нің спорткомплексінде  өтті. Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ Спартакиададан жүлделі оырндарға ие болды: м.ғ.д.,  профессор Рузуддинов С.Р., — 1 орын шахматтан; м.ғ.к., доцент Тебенова Г.М. – 1 орын дойбадан, ассистент Сафаров Т.С. – 3 орын футболдан алды. Шахматтың жарыста  ортопедиялық стоматология кафедрасының майталманы, к.м.н., ассистент Кан А.С. қатысты. Және стоматологиялық факультетіның құрама командасы үстел теннисінен 2 орын алды.