Стоматология институты өзінің кезекті көңілді сағатын өткізді

Естеріңізге сала кететін болсақ, әр бейсенбі сайын «Студенттік Аренада» Стоматология институты көңілді сағатын өткізіп тұратын еді. Бұл бейсенбіде, яғни 18.04.2013 күні кезекті концерттік бағдарлама қойылды. Бұл жолы көңілді сағат «Жемқорлық-індет! Жою-міндет!» атты тақырыпта өтті.

Алдымен 1 курс студенті Балқан Ақылбектің  «Сарыбидай» әнімен басталса,2 курс студенті Бөріхан Ерболаттың «Мейлі» әнімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар,1 курс студенттерінен құралған КВН командасы өздерінің жемқорлыққа қатысы бар әзілдерімен көрермендерді күлкіге қарқ қылды.

Қорытынды кезеңде Бөріхан Ерболат спорттық көрініс көрсетті.

Аренаға студенттер лық толып,көңілді тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара