Стоматология институты 1-2 курс студенттерімен дәстүрлі кездесуі

23.01.2013  күні  С.Ж.Асфендияров    атындағы  ҚазҰМУ-ң     №4  аудиториясында    стоматология    факультетінің     деканы    Амантаев  Бақанай Амантайұлы  және    ректордың  оқу  және  тәрбие  жөніндегі орынбасары, проректор  Төлебаев    Қазбек  Ағабылұлы    стоматология    институтының  1-2  курс  студенттерімен  дәстүрлі  кездесу  өткізді. Кездесудің  басты  мақсаты  студенттерді  2-ші  көктемгі  семестрдің  басталуымен  құттықтап,оларды  мазалап  жүрген  сұрақтарға  толыққанды  жауап  беру  еді.

Кездесу    барысында   мультимедиялық    тақта  арқылы  университет  ректоры  Ақанов   Айқан  Ақанұлының  студенттерге  жолдауы  көрсетілді. Айқан  Ақанұлы  студенттерді   жаңа  оқу жылының  2-ші  жартысымен    құттықтай  отыра  өзінің  жылы  лебізін  жеткізіп,  сабаққа  деген   ынталарын   арттыра  түсуін  сұрады.

Әрмен  қарай  студенттер   Төлебаев  Қазбек  Ағабылұлына  өздерін  мазалап  жүрген  сауалдарын  қойып,  сол  сұрақтарға  толық  , нақты  жауап  алуларымен  қатар , білім  сапасын  арттыруға   байланысты өздерінің  жаңа  идеяларымен  бөлісті.Сонымен  қатар,модуль жетекшілері,кафедра  меңгерушілермен  де  сұрақ-жауап  алмасты.

Келесі  кезекте  факультет  деканы  Бақанай  Амантайұлы  ҚР  президенті  Нұрсұлтан  Назарбайұлының  «Қазақстан-2050»  стратегиялық бағдарламасымен  таныстырды.

Деканның  білім жөнінде  орынбасары Құсмолдаева  Жазира  Нұрасылқызы  мен  тәрбие — ісі жөнінде декан  орынбасары  Алмагүл  Сайфутдинқызына  сөз  берілді. Институт  жайлы  дайындалған  арнайы  слайдта  студенттер  назарына  ұсынылды.

Ақпараттандыру  және  қоғамдық   істер  секторы  Ермек  Динара