СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІНДЕ ЖОСПАР БОЙЫНША

«ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ» атты отырыс жүргізілді. Оған модуль оқытушылары профессор Баяхметова А.А., доцент Құнанбаева Т.С.,асс. Уразбаева Б.М., Мангытаева Б.Б. 4 және 3курс студенттері  қатысты. СТ11-002-1:СТ 10-409-1;СТ11-007-2 топ студенттері презентация , қабырға газетін жасады.

Отырыстың модераторы доцент Құнанбаева Т.С. Отырыс екі тілде атқырылды.Құнанбаева Т.С. тұңғыш президентіміздің саясаты арқасында елімізде тыныштық, бейбітшілік, молшылық орнағандығын, халықтың өзін қай салада көрсеткісі келсе жол ашықтығын,елімізді дербес мемлекет ретінде басқа мемлекеттер танып, мойындағандығын атап көрсетті.

СТ 10-409-1 топ студенттері Тұрғанов А.,Закиров Ш.жетекшісі Баяхметова А.А. «Этапы жизненного пути  Первого Лидера Нации РК»  презентация жасады.

СТ11-007-2 топ студенттері Турдиев Н., Умирзаков Н.тьютер Смагулова Е.Н. «Первый Президент РК» презентация жасады. Аталған презентацияларда Назарбаевтың балалық шағынан осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері аталып көрсетілді, сонымен қатар ҚР рәміздерінің таңбалары, осы таңбалар ненің белгісі екендігі талданды.

СТ11-002-1 тобы «Ғасыр тұлғасы» атты фото- газет шығарды, тьютері Мангытаева Б.Б

Терапиялық стоматология  пропедевтикасы  модулінің  профессор-оқытушылар  құрамы  мен  студенттері  біздің  Елбасына зор  денсаулық, қажымас  қайрат, Қазақстан  халқына еңбек  етуде мол күш жігер  тілейміз және   ҚР бүкіл әлемге танытуына тілектеспіз !!!