Стоматология факультетінің деканының кубогы

Құрметті «KAZNMU ARLAN’S» дебат клубында тіркелген фракциялар сіздерді стоматология факультетінің деканының  кубогына шақырамыз.

Турнир 2кезеңнен тұрады:

1-кезең.  Іріктеу. Бұл кезеңде фракцияларды жеребе көмегімен әр-түрлі топтарға бөлеміз, бұл кезеңде фракциялар жартылай және ширек финалға өту үшін 4 тақырып бойынша ойын көрсетеді.

1 кезең тақырыптары:

  1. Б.П. революция эволюция үшін маңызды деп есептейді.
  2. Б.П. жастар арасындағы құқық бұзыушылықты азайтудың тиімді механизмін ұсынады.
  3. Б.П. ұлтшылдық жақсы қасиет деп есептейді.
  4. Б.П. жастардағы патриотизді котерудің тиімді  механизмін ұсынады.

 

Өтілу уақыты:  21.04.12ж сағат 14:00де басталады

Ойынға қатысуға тілек білдірген командалар алдын ала  тіркелулері қажет .

 

Турнирге қатысушылар міндетті:

  1. Дебат форматтарын толық білуге
  2. Уақытылы келуге
  3. Төрешілерге қарсы пікір айтпауға

Турнирдың 2-кезеңі туралы ақпарат 1-кезеңнен сон университетіміздің сайтына шығарылады.

 

Ұйымдастырушылар: 2011-2012 жж  факультет аралық дебат чемпиондары Асанов Бақытжан, Бөріхан Ерболат және стоматология факультеті.