Стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы жатақхана студенттерімен кездесті

13.11.2014 күні С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жаңыл Темірбайқызы №5 студенттер жатақханасына  студенттердің тұрмыс тіршілігімен танысу және жалпы тәртіпті қадағалау мақсатында келді.Аталмыш жатақхананың комменданты Тезекбаева Гүлжанмен  бірге Бақанай Амантайұлы бөлмелерде тексеріс жүргізіп,әр қабат старосталарымен кездесіп,жатақхана тәртібі жайында есеп алды.Сонымен қатар студенттік үкімет мүшелерімен кездесіп,сектор мүшелерінің  алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар бойынша жоспарымен  танысты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

 Ермек Динара