Стоматология факультетінің «Ең үздік футбол командасы» атты турнир болып өтті.

 

14.10.2012 куні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң  стоматология факультетінің  1-4 курс студенттері арасында Студенттер куніне орай «Ең уздік футбол командасы»атты турнир болып өтті.Бұл турнир студенттер  арасында «Салауатты өмір салтын сақтау» мақсатында өткізілді. Жарысқа стоматология факультетінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  Алмагул Сайпутдинқызы мен ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің ассистенті Сафаров Т.С. қатысты.

Жарысты ұйымдастыруға дене шынықтыру кафедрасының аға-оқытушысы  Асубаева Г.Р.,  2 курс студенттері: спорт секторы Өмірғали  Медет және Бутумбаева Юлия,Бөріхан Ерболат,Ермекбаев Уразали,Құралбай Азамат,Жақсыбаев Әбдімәжіт атсалысты.Жарыс өте тартысты,әрі қызықты болып өтті.Турнирге аталмыш факультеттің студенттері жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырды.

Турнир нәтижесі бойынша I-орынды 4курс, II-орынды 1курс,III-орынды 3курс  жеңіп алды.Жарыс жеңімпаздары мен уздік ойыншыларға  стоматология факультетінің деканаты атынан мақтау қағаздары  берілді.

Ақпараттандыру және Қоғамдық істер секторы: Жақсыбаев Әбдімәжіт және Ермек Динара.