Стоматология факультетінің студенттік үкіметімен студенттік деканаты жұмыс жасауда

Стоматология факультетінің студенттік үкіметімен студенттік деканаты өзін-өзін басқару жүйесі бойынша жұмыс атқаруда.Факультетіміздің бетке ұстар,қаймақтары әр салаға бөлініп,сол бойынша сектор болып жұмыс жасап жатыр.Бірі ғылым мен білімге жауапты болса,бірі мәдениет,ақпарат,тұрмыс бойынша өз істерін атқаруда.

Әр сәрсенбі сайын стоматология клиникасында студенттік үкіметпен студенттік деканат  мүшелері  стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай  Амантайұлы   және тәрбие ісі бойынша декан орынбасары Сайфутдинқызы Алмагүл мен жиналыс өткізіп отырады.Жиналыста студенттік үкіметпен студенттік деканаттың төрағалары соңғы уақытта атқарылған жұмыстар бойынша есептерін беріп жатады. Сонымен қатар,әр сектор өзінің жоспарымен таныстырып,сол жоспар бойынша атқарылатын жұмыстарды ортаға салып,талқылайды. Міне, осындай студенттеріміз өзге студенттеріміздің білім жағынан болсын,ғылыми жұмыстарға қатысуын қадағалай отырып университеттің әрбір күні қызықты өтуіне өз септігін тигізуде.

Ақпараттандыру және қоғамдық  істер секторы

 Ермек Динара