Стоматология факультетінің студенттері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанұлымен кездесті

Стоматология  факультетінің

студенттері С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанұлымен кездесті

15.09.15 күні Concordia театрында Ақанов Айқан Ақанұлының стоматология  факультетінің 2-6 курс  студенттерімен кездесуі болып өтті..Жыл сайын жаңа оқу жылының басында өткізілетін бұл кездесудің мақсаты ең алдымен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтау және де университетіміздің тыныс тіршілігімен бөлісу,жаңалықтармен,университеттің  ұстанымдарымен таныстыру болды.  Кездесу барысында студенттерді  мазалап жүрген оқу үрдісіне  байланыстынемесе студенттік өмірге  қатысты сұрақтар қойылып,толық жауап алынды. Сонымен қатар жиналыста  ректордың  оқу  және  тәрбие  жөніндегі орынбасары, проректор  Төлебаев    Қазбек  Ағабылұлы, стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызы өз құттықтауларын білдірді. Факультет деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы қорытынды сөз сөйлеп, факультеттің белсенді студенттеріне алғыс хаттарымен дипломдарын табыс етті.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Әлжекесова Бибігүл