«Стоматология» факультетінің студенттері ұстаздар мерекесімен құттықтайды

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

Ағымдағы жылдың 2-і қазан күні «Ұстаздар» күніне  орай Балалар стоматологиясы кафедрасының  ұстаздары, кафедра меңгерушісі,  м.ғ.д., профессор Ермуханова Г.Т., ассистенттер Асанова Д.Б., Дурумбетова М.М. мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада  стоматология факультетінің студенттік үкіметі ұстаздарға арнап мерекелік концерт қойды. Атап айтсақ, 4 курс студенті Балқан Ақылбек, 2 курс студенті Төребеков Нұрлан, 1 курс студенті Қалықұл Бөкейхан. Құттықтау концертіне қонақ болып, профессор, стоматология инстутының директоры Есембаева С.С., профессор Мамеков А.Д., профессор Тулебаева Г.Т., профессор Мирзакулова У.Р., профессор Русанов В.П., стоматология факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кусмолдаева Ж.Н келді. Қонақтарға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар беріліп, жиылған көпшілік көңілді тарқасты.