Стоматология факультетінің ұйымдастыруымен өткен«Жемқорлыққа жол жоқ» атты дебат ойыны

06.11.2012  күні   С.Ж.Асфендияров    атындағы    ҚазҰМУ-ң   «КазҰМУ —  Arlans»   дебат  клубының  мүшелері,  Стоматология   факультетінің  2  курс   студенттері   Бөріхан  Ерболат   пен    Асанов   Бақытжан   университетіміздің   Даңқ  залында  «Жемқорлыққа   жол  жоқ» атты дебат ойыны өткізді.  Дебат    ойыны «LD»  форматында өтіп, алдыңғы ойындарда бір фракция  болып жүрген Бақытжан мен Ерболат бұл жолы бір-біріне қарсы ойнап қызық ойын көрсетті. Сонымен келген  қонақтарға тоқталсақ Университетімізде ректор кеңесшісі, профессор, елімізге еңбек сіңірген дәрігер , «Антикор»  ұйымының жетекшісі  Жанар Ғабиденқызы және осы ұйымнан Айдана Серікқызы, университетіміздің мәдени істеріне жауапты Салтанат Айкенқызы,  Малика Бекназарқызы,Стоматология факультетінің тәрбие дұмысы бойынша декан орынбасары Алмагүл Сайпудинқызы,стоматология факультетінің хатшысы Каткеева Айнур, Саясаттану кафедрасының меңгерушісі және ұстаздары қатысты.

 

Енді ойын барысына тоқталсақ. Ойын «LD»форматында болды. Ойыншылар  Үкімет және Опозиция болып екіге бөлінді. Бөріхан Ерболат  Үкімет басшысы, Асанов Бақытжан Опозиция басшысы болды. Ойында статистикалық мәліметтер, қызықты оқиғалар, өзге мемлекеттердің экономикалық жағдайлары туралы айтылды. Кейін парламентарияға сөз кезегі беріліп  студенттерге сөз кезегі берілді. Әркім өзінің субъектілік ойын ортаға салып өзге адамдармен бөлісті. Ұстаздарымызда өздерінің білген, көргендерін мысал ете отырып, студенттерге түсіндіруге тырысты.  Ойын барысында мен Ерболат мырзаға сұрақ қойып, сұхбат алдым. Алдымен  «дебат» деген не   екенін жалпы студенттерге түсіндіріп, мағынасын ашып беруін сұрадым.

-«Егерде менде бір алма, сізде бір алма болса және де мен өз алмамды сізге, ал сіз өзіңіздікін маған берсеңіз бірдеме өзгереме?» — деп сұрақ қойды.  Мен өзгермейді деп жауап бердім.

-«Ал дебатта менде бір ой, сізде бір ой болады. Мен өз ойымды сізге берем, сіз өз ойыңызды маған бересіз. Нәтижесінде ойын аяқталғанша менде екі ой, сізде екі ой болады. » — деп өз ойын аяқтады. Жалпы айтқанда жемқорлық 1-2 сағатта талқыланып, тез шешімін таба салатын мәселелерден емес. Бірақ қазақта айтадығой «Тама-тама көл болады» деп. Осындай іс-шаралар көп болса жемқорлықтыңда тамырына балта шабар күн туар !

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы   Ермек   Динара.