Стоматология факультетінің 1-курс студенттері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық» мұражайында

2013 жылдың 6 қараша күні Стоматология факультетінің 001,002,004  топ студенттері және осы топ тьюторлары Баракова А.Ш., Жусипбекова Ш.Е. Жакипова Ш.А.  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық» мұражайына барып қайтты.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі — Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі.     Бүгінде музей қоры материалдық және рухан мәдениеттің үш жүз мыңға жуық құндылықтарынан тұрады. Музейде негізгі жеті экспозициялық зал жұмыс істейді екен.   I зал — палеонтология және археология кешендерінен тұрады. Мұнда республикамыздың 300-ден астам орындарынан табылған артефактілер орналастырылған. II  залда  дәстүрлі қазақ мәдениетіне (XVII – XIX ғғ.), тұрмысы мен шаруашылығына қатысты заттар қойылған. III зал — «Ұлы Отан соғысы және диаспоралардың мәдениеті» залында Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралардың тарихы мен этнографиясын паш ететін экспозициялық бөлімдер орналастырылған. IV зал — Қазақстанның егемендік алған 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды. Мұнда мемлекеттік рәміздер – елтаңба, ту, әнұран, Конституцияның түпнұсқасы, мемлекеттік марапаттар, ақша белгілері, маркалар, экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және спорт туралы материалдар және де елбасымызғы берілген сыйлықтар қойылған. V зал — “Ашық қор” – “Қазақстанның археологиялық алтыны”. Экспозиция Қазақстан аймақтарынан табылған бірегей жәдігерлері орналасқан.

VI зал антропология музейі. Экспозиция адамзаттың қалыптасуын: қазіргі адамның даму үрдісін және оның жер бетінде таралуын, расогенетикалық және этногенетикалық тарихын көрсетеді. VII залда 1879 жылы Қазақстанға келген орыс суретші-кескіндемешісі, өлкетанушысы, этнографы Николай Гаврилович Хлудовтың коллекциялары көрсетілген.

Мұражай өте үлкен екен. Мұражайға барудағы мақсатымыз рухани құндылықтарымызды байыту және мәдени тәрбие қалыптастыру.  Студенттер өздеріне рухани байлық алды деп ойлаймыз. Естелік ретінде студенттермен суретке түстік.