Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы байқауының жеңімпазы

Қараша айының соңында стоматология факультетінде Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы байқауының 1 кезеңі өтті.Осы байқауда Стоматология факультетінің 1 курс студенті Шваб Денис 1 орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі Биофизика курсымен информатика кафедрасының оқытушысы Жусипбекова Шолпан Ерлепесовна. Қазылар мүшелері Денис Швабтың «Delphi» ортасындағы Медициналық анықтамасы» ғылыми жұмысына жоғары баға берді. Бұл электронды анықтама жас стоматологтарға арналған, онда дәрілердің атауы, нұсқаулар мен дозасы көрсетілген.

Байқау нәтижесі бойынша Денис 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды және республикалық кезеңге жолдама алды.

Стоматология факультетінің деканат ұжымы Денисті шын жүректен құттықтап жаңа ғылыми табыс тілейді!