Студенттер Наурыз мейрамын атап өтті

22 сәуір күні С.Ж.Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің  жатақханаралық Әз Наурыз мерекесі аталып өтілді.Наурыз — әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңа руын алға шәйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Наурыздыңмерекеленуі Жаңа жылдың аталып өтудеңгейі өте керемет ауқымда өтілді.Шынында да, Наурыз жалпы халықтық мерекеден гөрі, этнографиялық ескеалу күніне айналып барады. Оның өзіне сәйкеса трибуттарын қалпын акелтіріп, мерекелік ұғымдары мен мағынасын орнықтыра тындай шаралар өткізілді. Еңбастысы студенттер қауымы — Наурыздың қайнар көзінтауып, басқы кейпін қалпына келтіруге тырысты.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Сол сияқты біздің қара шаңырақ университетіміздің студенттер қауымы да қазақ халқының қасиетті мейрамы әз Наурызда атап өтті. Барлық жатақхана ұжымы бұл шараға жұдырықтай жұмылып, өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Біздің стоматология факультетіміздің жатақхана студенттері мерекеде өз өнерлерін көрсетті. Ақ дастархан жайылып, қолдарынан бал тамған апайларымыздың дайындауымен наурыз көже пісірілді.Керемет ән шырқалып, мың бұралған биші қыздарымыз би биледі.Ұлттық ойындар ойналып, мықтылар мен күштілер өз бақтарын сынады. Осындай сайыстарда стоматология факультетінің тепсе темір үзетін жігіттері топ жарып, 1 орын иеленді.