Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі

Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі

Қазан айының 8-і күні «Concordia» театрында Студенттердің әлеуметтік мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен студенттік ұйымдар жәрмеңкесі болып өтті. Атаулы жәрмеңкенің жалпы мақсаты 1 курс студенттерін университеттегі 30-ға жуық ұйымымен таныстыру еді. Іс-шара барысында ерікті ұйым басшылары және факультеттің студенттік деканатымен студенттік үкіметі басшылары таныстырылды. Атап айтар болсақ Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің төрайымы 4 курс студенті Ермек Динарамен студенттік деканы Ануарбекова Сымбат факультет жайында үкімет пен деканат жөнінде ортаға шығып, сөз сөйледі. Іс-шара соңында Университеттің студенттік үкіметінің төрағасы стоматология факультетінің 5 курс студенті Бөріхан Ерболат өзінің жобасын қорғап шықты.

 

                                                                                            Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Әлжекесова Бибігүл