С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай өткізілген семинар

С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай өткізілген семинар

Биыл С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай  университет қабырғасында көптеген игі іс-шаралар өткізіліп жатыр.Осындай іс шаралардың бірі  3 қазан күні қазақстан тарихы пәнінен  стоматология және жалпы медицина факультетінің  1  курс студенттері арасында өткізілген семинар сабақты айта кетсек.Семинардың мақсаты 1 курс студенттерін С.Ж Асфендияров сынды тарихи тұлғаның өмір жолымен  толығырақ таныстыру. Семинардың жоғары деңгейде өткенін  студенттердің ынтасынан байқауға болады.Семинар С.Ж.Асфендияровтың өмір жолымен таныстырудан басталды.Студенттер Асфендияровтың жүріп өткен жолымен,медицина саласына сіңірген еңбегі жайында сөз сөйледі.Әрмен қарай студенттер шығармашылығын тамашаладық.Семинарда арнайы буклеттер,плакаттар,презентациялар көрсетілді.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер  секторы

Ермек  Динара