С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс шаралары

Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы бағдарламасы

Терапиялық стоматология модулінде 25 -ші қаңтарда 2013-ші жылы модуль отырысында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- нің   2012-2015 жылғы  жемкорлыққа  қарсы  бағдарламасы  бойынша   стажер — оқытушы Нұрлыбаев Алибек Айдарбекұлының Қазақстан Республикасының  “жемқорлыққа қарсы  күрес” заңы бойынша  қысқаша баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасының заңының қабылданған уақытын,   ҚР-нің жемқорлыққа қарсы  бағдарламасын,  жемқорлыққа қарсы  құрылған мекеменің пайда болған жылын қамтыды. Сонымен қатар өз университетіміздің жемқорлыққа қарсы саясаты бойынша  физиология, фармация және денсаулық сақтау менеджменті және маркетингі кафедраларында, студенттермен  профессорлық – оқытушылар құрамының арасында жемқорлыққа қарсы өткізілген “дөңгелек” үстел  жайлы  қысқаша таныстырды .

Бұл отырысқа модуль жетекшісі  профессор Зазулевская Л. Я. және профессорлық оқытушылық құрам қатынасты және келесі шешімге келді: ПОК және студенттер арасында жемқорлыққа қарсы  іс- шараларды күшейту,  студенттермен,  дәрігер интерндермен  жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел  ұйымдастыру.