С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының оқытушылары Уразбаева Б.М.,Манғытаева Б.Б.,Байгутдинова Б.А. ұйымдастыруымен

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының  оқытушылары Уразбаева Б.М.,Манғытаева Б.Б.,Байгутдинова Б.А. ұйымдастыруымен

13 қараша күні  сағат 12.00  Мәншүк Маметова атындағы №1 дәріс залында Алматы қ. Алмалы ауданының  ішкі істер  мекемесінің қызметткерлерімен кездесу өткізді. Оған терапиялық стоматология кафедрасының доценті Сапаева Н.Г., Сухачева Т.М. стажер-педогогтар сонымен қатар Рахимова Ұ.Р.бастаған хирургия кафедрасының оқытушылары, стоматология факультетінің 4-5 курс студенттері қатысты. Студенттерге администрациялық полиция бөлімінің бөлім бастығы капитан Кубеев К.Д., кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын полиция капитаны Джумбетов А.Д., әйелдерді тұрмыстық жағдайда зорлау жөніндегі инспектор,аға лейтенант Акупова А.З., бөлім бастығы, майор Утегенов Р.Т. және университет УВР өкілі Акчина Г.М., стом.фак. декан орынбасары  Құсмолдаева Ж.Н. қатысты.

Ішкі істер  мекемесінің қызметткерлері осы Алмалы ауданында болып жатқан заң бұзушылықтар жөнінде және заң бұзушылықтың алдан алуда атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде толықтай мәлімет берді және сонымен қатар оқу орындарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысы толықтай жастардың санасына жетпейтінін жеткізді. Студенттердің шылым шегіп және оны арнайы белгіленген жерге тастамай көшеге тастауы, сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орындарды ластауы туралы да айтылды. Егер шылым шегу  тәртібі бұзылса «Шылым шегу заңына» байланысты  администрациялық штраф  3МРП салынады.

Қазіргі таңда өте қымбат телефондарға байланысты –ұрлау көбейіп отырғандығына тоқтала кетті .Егер  ондай жағдай кездесе қалса онда міндетті түрде Алмалы ауданының ішкі   істер департаментіне келіп арыз жазып тіркелуге болатындығын айта кетті.

Аға лейтенант Айнур Замангельдиевна қазіргі жастар арасындағы азаматтық неке  кеңінен етек алып жатқандығын айтты. Бірақ сол некеде ер азаматтар әйелдерге дөрекілік көрсетіп, тұрмыс жағдайында  күш көрсетедіндігін де қоса кетті. Сондықтан да егер тұрмыстық жағдайда ер адамдардан психологиялық  қысым және қол жұмсау  көрсетіліп жатса тағы да Алмалы ауданының ішкі   істер департаментіне келіп арыз жазып тіркелуге болатындығын айта кетті.

Студенттер сұрақ қойды: Оразымбетов Құрмет-кешіріңіз, көшеде құжатты кімдер сұрай алады?

Жауап: Қазіргі таңда әрбір полиция қызметкерлері құқылы.

Сұрақ: Полициямен сөйлесіп тұрғанда диктофон қолдауға болады ма?

Жауап: жоқ диктофон қолдауға болмайды, ол полицейдің құқығын бұзу болып табылады ,егер машинаңызда  видеорегистратор болса соны қосып қоюға болады.

Хирургия  кафедрасының меңгерушісі Ұлмекен Рахимовна –келіп студенттерге құқықбұзушылық жөнінде ақпарат беріп алдын алу жұмысын жүргізгендеріңізге рахмет. Студенттеер, алдымен тәртіп бұзушылықты болдырмай және бір-бірлерініңді қадағалап, жаман жолға жібермей жақсы азамат болу өз қолдарыңда.

Қазақстан көпұлтты ел болғандықтан ел ішінде бейбітшілік, тыныштық, амандық, тәртіп бұзушылық болмай тек  көркейе берейік  деп тарқастық.

Ұйымдастырушылар: Уразбаева Б.М.,Мангытаева Б.Б.,Байгутдинова Б.А.