Терапиялық стоматология модулі

«Терапиялық стоматология»  модулі  Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ректоры профессор  А.А.Ақановтың бұйрығы негізінде (02.08.2011 жыл.№32) ҚазҰМУ-ң терапиялық стоматология кафедрасының базасында ұйымдастырылды.

Модуль жетекшісі болып Л.Я.Зазулевская тағайындалды.

Бүгінде модуль құрамында 11 қызметкер,оның ішінде екі профессор,медицина ғылымдарының докторы,екі доцент,үш медицина ғылымдарының кандидаты және үш ассистент , жоғарғы білімі бар аға лаборант еңбек етеді.Жаңа оқыту әдістерін қолдану мақсатында ғылыми тәжірибенің жоғары жетістіктеріне негізделген дамушы  ғылыми мектепті,оқу үрдісінің ұйымында кредиттік-модульді жүйе бойынша жоғары тәжірибелі мамандарды дайындау-міне осы маңызды мәселелерді орындау үшін,еңбекке қабілетті шығырмашылық ғылыми – ұстаздар ұжымы құрылды.

 

Модулдің мәселелеріне кіреді:

 

  • Оқыту сапасын жақсарту,
  • ОӘКП қайта өңдеу;
  • Халықаралық стандартқа сай,терапиялық стоматология бойынша оқытудың жаңа әдістерін құрастыруға қатысу;
  • Тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге интерактивтік  оқыту әдістерін,қазіргі заман білім технологияларын кеңінен қолдану;
  • «Терапиялық стоматологияның білімгері» деген конкурстар,олимпиадалар,викториналар ұйымдастыру;
  • Оқыту жүйесін шынайы талап ететін тәжірибелік денсаулық сақтауға және қоғамға барынша жақындастыру;
  • Шын және стандартты науқастарда ,фантомды блокта тәжірибелік дағдыларды үйрету,ауру тарихына рецензиялауды жүргізу,күрделі науқастарды талдауға кеңінен тәжірибе жинақтау;
  • ОПҚ –ң оқытушылық және ғылыми деңгейін көтеру;
  • Инновациялық оқытушылық технология бойынша мамандық жетілдірудің қысқа бағдарламаларына қатысу;
  • Халықаралық  бірлестіктерге қатысу,халықаралық білім кеңістігіне ену;
  • Халықаралық зерттеу жобаларын орындап, құрастырылуына қатысу;
  • Алыс және жақын шетелдік білім бағдарламасы бойынша   халықаралық конференцияларға қатысу;
  • Ғылыми зерттеулердің сапасын нәтижелілігін көтеру;
  • ОПҚ-ң ғылыми белсенділігін көтеру;
  • Ғылыми бағдарламалар-гранттар арқылы зерттеу нәтижесін көтеру;
  • Зерттеу нәтижелерін халықаралық танымал баспалар,журналдарға жариялау.

 

«Терапиялық стоматология» модулі өз іс-жұмыстарын студенттерді оқытудың ұйымдық-әдістемелік тәсілдерімен,зерттеу және жаңа әдістерді енгізумен,кредиттік-модульді білім жүйесі бойынша оқу үрдісін модернизациялаумен ұштастырады.