Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға арналған іс-шарасы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі оқытушылары Манғытаева Б.Б.,Уразбаева Б.М., Жаханова С.Н. № 5 жатаханада 25 наурыз күні кешкі сағат 17.00 діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында конференция өткізді. Оған № 5 жатахана студенттері 1-4 курс аралығындағы студенттер қатысты. Студенттерге религияның қалыпты ағымынан религиозды-экстремизм идеологиясының  ерекшелігі түсіндірілді. Студенттерге тек ҚР тіркелген Абухалифа масхабын ұстану ұсынылды. Қазіргі кездегі деструктивті діни ағымдар Қазақ еліне еркін енуде және өздерінің секталарына жастарды, діни тұрғыдан толық қалыптаспаған жас жеткіншектерді тартуда. Осы  конференция студенттерге өз дінімізді,  мәдениетімізді, отбасылық құндылықтарымызды құрметтеуге, ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыптарымызды сақтауға шақырылған іс-шара болды.   Қазіргі елімізде болып жатқан ислам қоғамындағы оқиғалар Қазақстанның саясатына да өз ықпалын тигізеді. Діни экстремизм мәселелері қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, студенттер арасында діни экстремизм туралы өз пікірлерін ортаға салып, діни көзқарастарын талқылап, еліміздің ұлттық құндылықтарын сақтауға, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сақтауға, үлкенге құрмет кішіге ізет, бауырмашылдық, бейбітшілікке  бағытталған іс-шара болды. Студенттер арасында қызу пікірталас болды. Қазақстан көпұлтты ел болғандықтан ел ішінде бейбітшілік, тыныштық, амандық, ел басымыз осы тура жолдан таймай, елімізді көркейте берсін деп тарқастық.