Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға арналған «Соқыр сезім» документальді фильмі көрсетілді

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі оқытушылары Баяхметова А.А., Құнанбаева Т.С., Манғытаева Б.Б., Смагулова Е.Н., Уразбаева Б.М., Жаханова С.Н. 28 сәуір күні  сағат 13.00 №3 оқу корпусында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында конференция өткізді. Оған 4-5 курс студенттері қатысты. Студенттерге «Соқыр сезім» документальді фильмі көрсетілді

Фильм экстремисттік топтардың іс-әрекеттерін суреттеген. Жан қиғыш –террористің өкінішін,үй-ішіне жазған хаттарын, өлеңдерін және эксклюзивті интервьюін көрсеткен.Аналары мен жұбайларының жантүршігерлік шындықты айтуын суреттеген.

Экстремистармен шайқасуға қазақстандың спецназдың офицерлері алға ұмтылған бұл деректі фильмде КНБ секретті  материалдыры, Құлсары қаласындағы, Атырау қаласындағы экстремистерді штурммен алуы көрсетілген.

Совет үкіметі кезінде религиозды исламдық экстремизм проблемасы қазақстанда болмау себептері: а)коммунистік, атеистік идеологияның болуы,

б) республика территориясында  исламның таралуының әлсіз болуы (оңтүстік  райондардан басқа жерлерде)

в)СССР азаматтарының  сыртқы  әлемнен мәдениеттік және идеологиялық  оқшаулануы

г) СССР КГБ  коммунистік докторинаға сәйкес келмейтін  кез-келген идеологиялық көрністердің алдын-алып, жолдарын қиып отырған

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  жағдай кардинальді түрде өзгерді.  Елімізде дінге  бостандық берілді, религиоздық  ұйымдар мемелекеттік қадағалаудан   алыстады, мемлекет религиозды ұйымдардың жұмыстарына араласпады. Осы кезден бастап Қазақстанда діни-саясатты жағдайдың жаңа факторлары- діни  исламдық экстремизм қалыптасты және ол терроризмдық сипат алды.

Діни экстремизм мәселелері қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, студенттер арасында діни экстремизм туралы өз пікірлерін ортаға салып, діни көзқарастарын талқылап, еліміздің ұлттық құндылықтарын сақтауға, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сақтауға, үлкенге құрмет кішіге ізет, бауырмашылдық, бейбітшілікке  бағытталған іс-шара болды. Студенттер арасында қызу пікірталас болды. Қазақстан көпұлтты ел болғандықтан ел ішінде бейбітшілік, тыныштық, амандық, ел басымыз осы тура жолдан таймай, елімізді көркейте берсін деп тарқастық.

Тьютор                Мангытаева Б.Б.